FOKUS Басты бет

Қолдау.

Бірдеңе жұмыс істемей ме немесе сұрағыңыз бар ма? Бізге жазыңыз, жауап береміз.

alizhan@inzhedental.com

Телефон моделін және не болғанын жазыңыз. Мүмкін болса, экран суретін тіркеңіз.

Жиі қойылатын сұрақтар

FOKUS менің Instagram құпиясөзімді көре ме?

Жоқ. Сіз FOKUS ішінде Instagram-ның өз бетінде кіресіз, құпиясөзді тек Instagram алады. YouTube-та да солай: құпиясөзді тек Google алады.

Instagram немесе YouTube-та бірдеңе істемей қалды

Instagram мен YouTube кейде өз сайттарын өзгертеді, сонда біз түзету шығарғанша FOKUS-та бірдеңе бұзылуы мүмкін. FOKUS-ты App Store-да жаңартыңыз. Көмектеспесе, бізге жазыңыз.

Жазылымнан қалай бас тартамын?

iPhone-дағы «Баптаулар» → атыңыз → «Жазылымдар» → FOKUS → «Жазылымнан бас тарту». Жазылым төленген кезеңнің соңына дейін жұмыс істейді. Қосымшаны өшіру жазылымды тоқтатпайды.

Ақшаны қалай қайтарамын?

Ақша қайтаруды Apple жүргізеді: reportaproblem.apple.com.

Деректерімді қалай өшіремін?

FOKUS-та: «Профиль» → «Деректерімді өшіру». Немесе бізге жазыңыз. Толығырақ — құпиялылық саясатында (орыс тілінде).

Бала FOKUS-ты өшіріп тастады

Ата-анаға «FOKUS жоғалған сияқты» хабарламасы келеді. Егер баланың телефонында Apple «Отбасылық бөлісу» қосулы болса, FOKUS-ты ата-анасыз өшіру мүмкін емес.